Жетісу облысы Білім басқармасының
"Кербұлақ ауданы бойынша білім бөлімі"
мемлекеттік мекемесі
Басты бет / Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл / Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау

«Жетісу облысы білім басқармасының Кербұлақ ауданы бойынша білім бөлімі» ММ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау жүргізу нәтижелері бойынша аналитикалық анықтама

 

      Кербұлақ  ауданы                                                                                                                                                                                                                                                                                                      2026 жылғы 30 сәуір

 

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл  туралы»  Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабын, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және  сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл  агенттігі  Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы  №12  бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне  ішкі талдау  жүргізудің  үлгілік  қағидаларын, сондай-ақ  мемлекеттік органдардың, ұйымдардың  және  квазимемлекеттік  сектор  субъектілерінің  қызметіндегі  сыбайлас жемқорлық  тәуекелдерін  ішкі  талдау  жөніндегі  әдістемелік  ұсынымдарды  орындау мақсатында  және «Жетісу облысы білім басқармасының Кербұлақ ауданы бойынша білім бөлімі» ММ-сі  басшысының  2025 жылғы 20 наурыздағы №199-1  бұйрығына сәйкес, «Жетісу облысы білім басқармасының Кербұлақ ауданы бойынша білім бөлімі» ММ-не 2025  жылға  сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау  үшін  ішкі  талдау жүргізіледі.

         Тыңдалатын  кезең: 2025 жылдың 13 сәуірінен  30 сәуір аралығы.

«Бөлімнің  қызметін  қозғайтын  нормативтік  құқықтық  актілерде сыбайлас  жемқорлық  тәуекелдерін  анықтау» бағыты бойынша.  Жүргізілген талдау  нәтижелері  бойынша  жеке және  заңды тұлғалардың  өз  құқықтары мен  мүдделерін,  нормативтік  құқықтық  актілері  ерікті  түрде  түсіндіру  мүмкіндігін  туғызатын  құқықтық олқылықтарды  іске асыру  кезінде  кедергілерді  жасауға  ықпал  ететін ережелер  анықталған жоқ.

2025-2026 жылы Бөлім басшысының негізгі қызмет, жеке құрам ұйымдастыру  - өкімдік және әкімшілік шаруашылық мәселелері бойынша бұйрықтары Еңбек кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет туралы», «Құқықтық актілер  туралы», «Әкімшілік  рәміздер туралы» ҚР Заңдарына, Мемлекеттік  және  мемлекеттік  емес ұйымдарда  құжаттама  жасаудың  және құжатаманы  басқарудың  үлгілік  қағидаларына  сәйкес келеді.

Бөлімнің  ұйымдық-басқару  қызметіне  ішкі  талдау  келесі  өлшемдер  бойынша  жүргізілді:

  1. Персоналды басқару бойынша;
  2. Мүдделер қақтығысын  реттеу бойынша;
  3. Мемлекеттік қызмет  көрсету бойынша;
  4. Жеке және заңды тұлғалардың  өтініштерін  қарау сапасы  бойынша;
  5. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін  қызметтерді  мемлекеттік  сатып  алуды  ұйымдастыру  және  өткізу бойынша;
  6. Қызметтік  этиканы  және сыбайлас жемқорлыққа  қарсы  заңнама  нормаларын  сақтау бойынша;
  7. Ұйымдастыру-басқару  қызметінен  туындайтын  өзге  де мәселелер.
  1. Персоналды басқару.

2025 жылдың талдауы Бөлім  өз қызметінен  ҚР Азаматтық  Кодексін, Еңбек Кодексін, Бөлімінің ережесін, ҚР «Мемлекеттік мүлік туралы», «Қазақстан Республикасындағы  мемлекеттік  қызмет  туралы», «Мемлекеттік  көрсетілетін  қызметтер  туралы»  Заңдарын  және басқа да нормативтік-құқықтық  актілері басшылыққа  алады. Бөлімнің  штаттық  саны 4 бірлікті құрайды.

  1. Мүдделер қақтығысын  реттеу.

Бөлімде мүдделер қақтығысын реттеу  немесе  реттелмеген  мүдделер  қақтығысы  фактілері  анықталған жоқ.

  1. Мемлекеттік  қызмет  көрсету.

Лауазымдық  нұсқаулықтарға  сәйкес мемлекеттік  қызмет  көрсету,  сондай-ақ мемлекеттік қызмет  көрсетудің қолжетімділігі  мен  сапасын  қамтамасыз  ету  бойынша  міндеттер  Бөлімнің  мамандарына  жүктелген.

Мемлекеттік  қызмет  көрсету  тізіміне  сәйкес 2025 жылы Қазақстан Республикасының Білім туралы заңы –  білім алушылардың әлеуметтік қолдауы, соның ішінде тегін тамақпен қамтамасыз ету бойынша - 4170 оқушы, жалпыға міндетті білім беру қоры арқылы берілетін көмекке (мектеп формасы, мектепке қажетті оқу құралдары) - 1510 оқушы қамтылды. Мемлекеттік  қызмет  көрсету  мәселелері  бойынша  шағымдар  анықталмады.

  1.  Жеке  және  заңды тұлғалардың  өтініштерін  қарау  сапасы.

2025 жылы 146 өтініш  қаралды, 2026 жылдың 1  тоқсанында 46 өтініш қаралды. «Жеке және заңды  тұлғалардың  өтініштерін  қарау  тәртібі  туралы» ҚР Заңына  сәйкес қарау  мерзімдері  мен  тәртібі қатаң сақталды. Есепті  кезеңде  құжаттарды  орындау  мерзімдерін  бұзуға  жол  берілмеді.

  1. Тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді  мемлекеттік  сатып алуды  ұйымдастыру  және  өткізу.

2025 жылы бөлім 304 мемлекеттік сатып алуды өткізді, 2026 жылдың 1 тоқсанында 205  мемлекеттік сатып алуды өткзілді.

Бөлімнің мемлекеттік сатып алу туралы  барлық ақпаратты  мемлекеттік сатып алу сайтында  ашық қолжетімді.

  1. Қызметтік  этиканы және  сыбайлас жемқорлыққа қарсы  заңнама нормаларын сақтау.

Бөлімнің  лауазымды  тұлғаларына  қойылатын  талаптар  қатаң  сақталады. Бөлімдегі  мемлекеттік  қызметкерлер  ҚР  мемлекеттік  қызметшілерінің Әдеп кодексімен (мемлекеттік  қызметшілерінің қызметтік  әдеп  қағидалары)  танысқан  Азаматтар  тарапынан  Бөлім  қызметкерлерінің  әрекетіне арыз, шағым  түскен жоқ.

  1. Ұйымдастыру – басқару  қызметінен  туындайтын  өзге де  мәселелер  Бөлімнің  лауазымды тұлғалары  туралы  сыни  мақалалары  жарияланған  жоқ. Бөлімнің  лауазымды  тұлғаларының  әрекетіне  сот  арқылы  шағым  жасау  бойынша  сот  шешімдері  туралы  ақпарат жоқ.

Қорытынды:

Бөлімнің  лауазымды  адамдары  заңдылық қағидаттарын, басшылыққа алады, өзінің іс-әрекеттерімен жоғары  тұрған  уәкілетті органның  және  тұтастай  алғанда  бүкіл мемлекеттік биліктің  беделін  нығайтады.  Бөлімнің беделін  түсіруге  қабілетті  іс-әрекеттер  жасауға  жол бермейді, қоғамның  Бөлімге, мемлекеттік қызметке, мемлекетке  және оның  институттарына  сенімін  сақтайды  және нығайтады, жалпы  қабылданған  моральдық-этикалық  нормаларды сақтайды.

ҚР Мемлекеттік  рәміздеріне  құрметпен қараудың үлгісіболады. Деректерді талдау  нәтижелері  бойынша Бөлімде ішкі  сыбайлас жемқорлық  тәуекелдері  төмен деп бағаланады. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне  ішкі талдау  жүргізу қағидаларының талаптарына сәйкес «Жетісу облысы білім басқармасының Кербұлақ ауданы бойынша білім бөлімі» ММ-ң сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне  ішкі талдау  қорытындылары интернет-ресурсқа  орналастырылады.

Ұсыныс.

  1. Мемлекеттік  қызметшілермен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының  Заңын  бұзушылықтарды  түсіндіру  жұмыстарын  тұрақты  жүргізуге міндетті.
  2. Мемлекеттік  қызмет  стандарт  қызмет  алушылар қол  жетімді  жерде  орналастыру
  3. Сыбайлас жемқорлық туралы Заңының сақталуын  қатаң  бақылауға  алу  және  бөлім қызметкерлеріне таныстыру;

 

 

 

Жұмыс  тобының мүшелері:

 

Г. Сагатова                  _________________________

К.Матжанова               ________________________

Ж.Шамамбекова          _________________________

 А.Акылжанова                   _________________________

З. Заирова                         _____________________

 

Бөлім  басшысы                                   Г. Сагатова

Мемлекеттік рәміздер
Қазақстан республикасы
Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев
Қазақстан Республикасы Президенті
Исабаев Бейбіт Өксікбайұлы
Жетісу облысының әкімі
Жүнісов Даурен Хабдолданұлы
Жетісу облысының білім басқармасы басшысы
САҒАТОВА ГҮЛЖАНАТ БАЗАРБАЙҚЫЗЫ
Кербұлақ ауданы бойынша білім бөлімінің басшысы
Кибер қауіпсіздік
Кибер қауіпсіздік
+7 7284032327
Жетісу облысы, Кербұлақ ауданы, Сарыөзек ауылы, Б. Момышұлы көшесі, 10
© 2026 Жетісу облысы Білім басқармасының "Кербұлақ ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі