«Жетісу облысы білім басқармасының Кербұлақ ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесі
1. Жалпы ережелер
1. «Жетісу облысы білім басқармасының Кербұлақ ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі-Бөлім) білім саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. Бөлім өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Бөлім ұйымдастырушылық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
4. Бөлім азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.
5. Бөлім егер заңнамаға сәйкес осыған уәкiлеттiк берiлген болса, мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
6. Бөлім өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен Бөлім басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актiлермен ресiмделетiн шешiмдер қабылдайды.
7. Бөлімнің құрылымы мен штат санының лимитi қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекiтiледi.
8. Заңды тұлғаның орналасқан жерi: индекс 041100, Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Кербұлақ ауданы, Сарыөзек ауылы, Б. Момышұлы көшесі, № 10.
9. Мемлекеттiк органның толық атауы - «Жетісу облысы білім басқармасының Кербұлақ ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі.
10. Осы Ереже Бөлімнің құрылтай құжаты болып табылады.
11. Бөлім қызметiн каржыландыру жергiлiктi бюджеттерден жүзеге асырылады.
12. Бөлім кәсiпкерлiк субъектiлерiмен Бөлімнің функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысынан шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Бөлім заңнамалық актiлермен кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда осындай қызметтен алынған кiрiстер, егер заңнамада өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi.
2. Мемлекеттік органның миссиясы,негiзгi мiндеттерi, функциялары, құқықтары мен мiндеттерi
13. Бөлімнің миссиясы: білім беру саласында мемлекеттік саясатты іске асыру;
14. Бөлімнің мiндеттерi:
1) мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру, кешкі (ауысымдық) оқыту түрін қосқанда, қосымша білім беруді қамтамасыз ету;
2) мектеп, мектепке дейінгі және мектептен тыс ұйымдардың материалды-техникалық базасын құру және нығайту, олардың инфрақұрылымын дамыту;
3) білім беру саласындағы әлеуметтік-экономикалық міндеттер кешенін және бағдарламаларды әзірлеу және жүзеге асыру;
4) білім беру жүйесін дамытуға ықпал ету, білім беру қызметінің сапасын қамтамасыз ету;
5) ғылыми мекемелерімен білім беру саласында өзара іс-қимыл жасау;
6) он екі жылдық жалпы орта білім беруге көшу үшін жағдай жасау;
7) оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру;
8) білім беру желілерін сақтау және дамыту, олардың білім беру үрдісін жетілдіру және білім беру жүйесінің материалды-техникалық базасын нығайту.
9) ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіптік шыңдауға бағытталған сапалы білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау;
10) педагог қызметкерлердің әлеуметтік мәртебісін арттыруды қамтамасыз ету;
11) мүмкіндігі шектеулі балалардың сапалы білім алуына арнайы жағдайлар жасау;
12) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес міндеттерді жүзеге асыру.
15. Бөлімнің функциялары:
1) бөлімдері білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
2) кешкі (ауысымды) оқу нысанын қоса алғанда, мемлекеттік білім беру ұйымдарында бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беруді және интернат үлгісіндегі ұйымдар арқылы ұсынылатын жалпы орта білім беруді қамтамасыз етеді;
3) білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен конкурстық негізде мемлекеттік білім беру ұйымдарының басшыларын (мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, қосымша білім беру) қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
4) мектепке дейінгі жастағы және мектеп жасындағы балаларды есепке алуды, орта білім алғанға дейін оларды оқытуды ұйымдастырады;
5) қолданыстағы заңнаманың талаптарын ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ананың ақы төлеу мөлшерінің қажеттілігін айқындау;
6) облыстың жергілікті атқарушы органының бекітуіне білім басқармасы арқылы қолданыстағы заңнаманың талаптарын ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ананың ақы төлеу мөлшерін енгізеді;
7) облыстың жергілікті атқарушы органының бекітуіне білім басқармасы арқылы орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын енгізеді;
8) қолданыстағы заңнаманың талаптарын ескере отырып, мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыруды қамтамасыз етеді;
9) мемлекеттік білім беру ұйымдарында орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруды қамтамасыз етеді;
10) тірек мектептердің (ресурс орталықтарының) жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;
11) қалалық деңгейлерде жүзеге асырылатын балаларға қосымша білім беруді қамтамасыз етеді;
12) оқу-өндірістік комбинаттардың қызметін қамтамасыз етеді;
13) білім алушылардың ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуын ұйымдастыруға жәрдемдесу;
14) мемлекеттік білім беру ұйымдарының (қылмыстық-атқару жүйесінің түзеу мекемелеріндегі білім беру ұйымдарын қоспағанда) және мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарының материалдық-техникалық қамтамасыз етілуін жүзеге асырады;
15) жыл сайын 1 тамызға дейін мектепалды даярлықтың жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына, орта білім беру ұйымдарына оқу жылына білім беру органдары болжайтын көлемде оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді сатып алуды және жеткізуді ұйымдастырады;
16) орындаушылар конкурстары мен кәсіби шеберлік конкурстарының жалпы білімі беретін пәндері бойынша қалалық мектеп олимпидаларын және ғылыми жобалар конкурстарын ұйымдастыруды және өткізуді қамтамасыз етеді;
17) қалалық (облыстық маңызы бар қала) ауқымдардағы мемлекеттік білім беру ұйымдарыныңмемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне және жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді қажет ететін отбасылардан шыққан балаларға және
мемлекеттік білім беру ұйымының алқалы басқару органы айқындайтын, білім алушылар мен тәрбиеленушілердің өзге де санаттарына жалпы білім беретін мектептерді ағымдағы күтіп-ұстауға және шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындарда орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға бөлінетін бюджет қаражатының жиынтық көлемінің кемінде екі пайызы мөлшерінде қаржылай және материалдық көмек көрсетуге қаражат жұмсайды;
18) әдістемелік кабинеттердің материалдық-техникалық базасын қамтамасыз ету;
19) қолданыстағы заңнамаға сәйкес ауданың білім беру ұйымдарының педагогтері мен басшы қызметкерлерін аттестаттауды ұйымдастырады;
20) бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік білім беру ұйымдарының кадрларын қайта даярлауға және қызметкерлерінің біліктілігін арттыру жөніндегі жоспарды қалыптастырады;
21) мектепке дейінгі ұйымдарды және интернаттық ұйымдарға жатпайтын орта білім беру ұйымдарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен білім беру ұйымдарының білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастырады;
22) мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды қамтамасыз етеді, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен, ауданы, ауылдарда, ауылдық округтерде мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарында медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастырады;
23) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарын тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұйымдастыру;
24) тиісті кентте, ауылда, ауылдық округте мектеп болмаған жағдайда білім алушыларды жақын жердегі мектепке дейін тегін алып баруды және одан алып қайтуды ұйымдастырады;
25) ауданы мемлекеттік білім беру ұйымдарының кадрлармен қамтамасыз етуді ұйымдастыру;
26) білім беру ұйымдарында психологиялық қызметтің әдістемелік басшылығын қамтамасыз етеді;
27) негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат беру;
28) қамқоршылық кеңестерге жәрдем көрсету;
29) білім беру саласында мемлекеттік қызметтер көрсетеді;
30) жетім балаларды, ата-анаcының қамқорлығынсыз қалған балаларды белгіленген тәртіппен мемлекеттік қамтамасыз етуді жүзеге асырады;
31) мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарына және отбасыларына қажетті әдістемелік және консультациялық көмек көрсетеді;
32) білім беру ұйымдарында, ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар адамдардың (балалардың) білім алуы үшін арнайы жағдайлар жасайды;
33) мамандандырылған жалпы білім беретін, арнайы оқу бағдарламаларын және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беруді қоспағанда, білім беру ұйымдары қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу жүйесі жөніндегі мәселелерді үйлестіреді;
34) ауданы білім беру бөлімінің құрылымын облыс басқармасына келісуге енгізеді және бекітеді;
35) тиісті шағын учаскесінің қажеттілігін негізге ала отырып, орта білім беру ұйымдарының жиынтық-сыныптарының санын, сондай-ақ мемлекеттік білім беру ұйымдарының тарификациялық тізімдерін, штат кестесін, жұмыс оқу жоспарларын (мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру, қосымша білім беру) келіседі;
36) Бөлімнің қарамағындағы мектепке дейінгі, орта білім беру және қосымша білім беру мемлекеттік ұйымдарының бірінші басшыларын тәртіптік жауапкершілікке тартады;
37) білім беру саласындағы жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелетін өзге де функцияларды жүзеге асырады.
16. Бөлімнің құқықтары мен мiндеттерi:
1) белгіленген тәртіпте мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдардан (келісім бойынша) өз құзыретінің мәселесі бойынша ақпарат сұратуға және алуға;
2) мемлекеттік мекемесінің құзырына қатысты мәселелер бойынша қоғамдық және халықаралық ұйымдармен өзара іс-әрекетті іске асыруға;
3) білім беруді дамытуды әзірлеуге және іске асыруға қатысуға;
4) білім беру мәселелерін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысуға;
5) Бөлімнің қарамағындағы ұйымдарды басқару мәселесі бойынша актілерді әзірлеуге, олардың іске асырылуын қамтамасыз етуге;
6) заңнамаға сәйкес бюджеттен қаржыландырылатын, Бөлімнің қарамағындағы ұйымдардың қызметі мен міндетті жұмыстар (қызметтер) көлемінің басым бағыттарын анықтайды;
7) Бөлімнің қарамағындағы ұйымдардың мәні мен қызметінің мақсаттарын анықтайды;
8) заңнамаға сәйкес Бөлімнің қарамағындағы ұйымдармен өндірілетін және босатылатын тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) бағаларына келісім береді;
9) Бөлімнің қарамағындағы ұйымдарды дамыту жоспарларының орындалуын қарастырады, келіседі, бекітеді, бақылау жасайды, талдау жүргізеді және олардың орындалуы бойынша есеп береді;
10) Бөлімнің қарамағындағы ұйымдардың мүліктерін пайдалануға және сақтауға бақылау жасайды;
11) заңнамаға сәйкес Бөлімнің қарамағындағы ұйымдардың мүліктерін қайтарып алуға немесе қайта бөлуге келісім береді;
12) Мемлекеттік мекемесінің функцияларына қатысты істер бойынша соттарда қуынушы, жауапкер, куәгер ретінде дербес немесе өкіл арқылы талап қоюға және сөз сөйлеуге;
13) Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауға;
14) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыруға.
Өз өкілеттіктерін орындау үшін атқарушы органдарымен, ұйымдарымен және мекемелерімен өзара әрекет етеді.
3. Мемлекеттік органның қызметiн ұйымдастыру
17. Бөлімге басшылықты бірінші басшы жүзеге асырады, ол Бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады.
18. Бөлімнің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
19. Бөлімнің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасары болады.
20. Бөлімнің бірінші басшысының өкілеттігі:
1) Бөлімнің қызметкерлерінің міндеттері мен өкiлеттiктерiн өз құзыреті шегінде анықтайды;
2) Бөлімнің қызметкерлерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес қызметке тағайындайды және босатады;
3) Бөлімнің қызметкерлерін заңнамада белгіленген тәртіппен ынталандырады және тәртіптік жазалар қолданады;
4) өз құзыреті шегінде Бөлімнің қызметкерлері, Бөлімнің қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің директорлары орындауға міндетті бұйрықтар, нұсқаулықтар шығарады;
5) Бөлімде сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етеді, сол үшін жеке жауапкершілік алуды белгілейді;
6) мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдарда өз құзыреті шегінде Бөлімнің мүддесін білдіреді;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Бөлімнің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
21. Бірінші басшы өз орынбасарының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаларға сәйкес белгілейді.
4. Мемлекеттік органның мүлкі
22. Бөлім заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
Бөлімнің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
23 Бөлімге бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Бөлім өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
25. Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Кербұлақ ауданы бойынша бастауыш, негізгі және жалпы білім беру ұйымдардың тізімі:
1) "Жетісу облысы білім басқармасының Кербұлақ ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Күреңбел қазақ орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
2) "Жетісу облысы білім басқармасының Кербұлақ ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Қоғалы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
3) "Жетісу облысы білім басқармасының Кербұлақ ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№49 орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
4) "Жетісу облысы білім басқармасының Кербұлақ ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Көксай негізгі мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
5) "Жетісу облысы білім басқармасының Кербұлақ ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Ақбастау негізгі мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
6) "Жетісу облысы білім басқармасының Кербұлақ ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Ж.Тобаяқов атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
7) "Жетісу облысы білім басқармасының Кербұлақ ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Аралтөбе негізгі мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
8) "Жетісу облысы білім басқармасының Кербұлақ ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Мектепке дейінгі шағын орталығы бар "Аралтөбе" негізгі мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
9) "Жетісу облысы білім басқармасының Кербұлақ ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Малайсары орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
10) "Жетісу облысы білім басқармасының Кербұлақ ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Сарыөзек орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
11) "Жетісу облысы білім басқармасының Кербұлақ ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Ж.Жапаров атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
12)"Жетісу облысы білім басқармасының Кербұлақ ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Алтынемел орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
13) "Жетісу облысы білім басқармасының Кербұлақ ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
14) "Жетісу облысы білім басқармасының Кербұлақ ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Ақжар негізгі орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
15) "Жетісу облысы білім басқармасының Кербұлақ ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Сарыбұлақ орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
16) "Жетісу облысы білім басқармасының Кербұлақ ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Тастыөзек орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
17) "Жетісу облысы білім басқармасының Кербұлақ аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Панфилов атындағы орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
18) "Жетісу облысы білім басқармасының Кербұлақ ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Қосағаш орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
19) "Жетісу облысы білім басқармасының Кербұлақ ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Жоламан орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
20) "Жетісу облысы білім басқармасының Кербұлақ ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Қаспан орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
21) "Жетісу облысы білім басқармасының Кербұлақ ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Мектепке дейінгі шағын орталығы бар Беріктас негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
22) "Жетісу облысы білім басқармасының Кербұлақ ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Д.Қонаев атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
23) "Жетісу облысы білім басқармасының Кербұлақ ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Майтөбе негізгі мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
24) "Жетісу облысы білім басқармасының Кербұлақ ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Сарыбастау орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
25) "Жетісу облысы білім басқармасының Кербұлақ ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Байғазы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
26) "Жетісу облысы білім басқармасының Кербұлақ ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Шилісу негізгі мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
27) "Жетісу облысы білім басқармасының Кербұлақ ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Жаңалық орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
28) "Жетісу облысы білім басқармасының Кербұлақ ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Архарлы негізгі мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
29) "Жетісу облысы білім басқармасының Кербұлақ ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "П.Дутов атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
30) "Жетісу облысы білім басқармасының Кербұлақ ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Шұбар орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
31) "Жетісу облысы білім басқармасының Кербұлақ ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Қарымсақ орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
32) "Жетісу облысы білім басқармасының Кербұлақ ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Доланалы негізгі мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
33) "Жетісу облысы білім басқармасының Кербұлақ ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Қарашоқы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
34) "Жетісу облысы білім басқармасының Кербұлақ ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Нұрым орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
35) "Жетісу облысы білім басқармасының Кербұлақ ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Н.Әлмұханбетов атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
36) "Жетісу облысы білім басқармасының Кербұлақ ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Алтынемел орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
37) "Жетісу облысы білім басқармасының Кербұлақ ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Сарыбұлақ орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
38 )"Жетісу облысы білім басқармасының Кербұлақ ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Райымбек батыр атындағы орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
39) "Жетісу облысы білім басқармасының Кербұлақ ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Қаспан орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
40)"Жетісу облысы білім басқармасының Кербұлақ ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Ш.Уәлиханов атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
41) "Жетісу облысы білім басқармасының Кербұлақ ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Қоғалы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
42) "Жетісу облысы білім басқармасының Кербұлақ ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Көксу орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
43) "Жетісу облысы білім басқармасының Кербұлақ ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Т.Құлыбеков атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Кербұлақ ауданы бойынша мектепке дейіңгі білім беру ұйымдардың тізімі:
1) "Жетісу облысы білім басқармасының Кербұлақ ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Балдырған" бөбекжай-балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
2) "Жетісу облысы білім басқармасының Кербұлақ ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Ақбастау негізгі мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
3) "Жетісу облысы білім басқармасының Кербұлақ ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Шұбар орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
4) "Жетісу облысы білім басқармасының Кербұлақ ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Ақтиін бөбекжай-балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
5) "Жетісу облысы білім басқармасының Кербұлақ ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Қаспан орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
6) "Жетісу облысы білім басқармасының Кербұлақ ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Майтөбе негізгі мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
7) "Жетісу облысы білім басқармасының Кербұлақ ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Бүлдіршін бөбекжай-балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
8) "Жетісу облысы білім басқармасының Кербұлақ ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Қосағаш орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
9) "Детский сад Куаныш 7" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
10) "Жетісу облысы білім басқармасының Кербұлақ ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Н.Әлмұханбетов атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
11) "Жетісу облысы білім басқармасының Кербұлақ ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Т.Құлыбеков атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
12) "Жетісу облысы білім басқармасының Кербұлақ ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Жоламан орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
13) "МИРАС" бөбекжай балабақша" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
14) "Жетісу облысы білім басқармасының Кербұлақ ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Жаңалық орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
15) "Жетісу облысы білім басқармасының Кербұлақ ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Ақжар негізгі орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
16) "Жетісу облысы білім басқармасының Кербұлақ ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Архарлы негізгі мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
17) "Жетісу облысы білім басқармасының Кербұлақ ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Ж.Жапаров атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
18) "Жетісу облысы білім басқармасының Кербұлақ ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Көксу орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
19) "Жетісу облысы білім басқармасының Кербұлақ ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Аралтөбе негізгі мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
20) "Жетісу облысы білім басқармасының Кербұлақ ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Нұрым орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
21) "Жетісу облысы білім басқармасының Кербұлақ ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Сарыбұлақ орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
22) "Жетісу облысы білім басқармасының Кербұлақ ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Балауса бөбекжай-балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
23) "Жетісу облысы білім басқармасының Кербұлақ ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Ж.Тобаяқов атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
24) "Жетісу облысы білім басқармасының Кербұлақ ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Сарыбастау орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
25) ""Жәнібек-2021" бөбек-жай балабақшасы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
26) "Жетісу облысы білім басқармасының Кербұлақ ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Қарлығаш" бөбекжай-балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
27) "Жетісу облысы білім басқармасының Кербұлақ ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Байғазы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
28) "Жетісу облысы білім басқармасының Кербұлақ ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "П.Дутов атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
29) "Жетісу облысы білім басқармасының Кербұлақ ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Ай-сана" бөбекжай-балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
30) "Жетісу облысы білім басқармасының Кербұлақ ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Доланалы негізгі мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
31) "Жетісу облысы білім басқармасының Кербұлақ ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Сарыөзек орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
32) "Жетісу облысы білім басқармасының Кербұлақ ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Мектепке дейінгі шағын орталығы бар "Аралтөбе" негізгі мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
33) "Мирас 2" бөбекжай балабақшасы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
34) "Жетісу облысы білім басқармасының Кербұлақ ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Балбөбек бөбекжай-балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
35) ""Жәнібек-2021" бөбек-жай балабақшасы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
36) "Жетісу облысы білім басқармасының Кербұлақ ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Алтынемел орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
37) "Жетісу облысы білім басқармасының Кербұлақ ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Қарымсақ орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
38) "Жетісу облысы білім басқармасының Кербұлақ ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Мектепке дейінгі шағын орталығы бар Беріктас негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
39) "Жетісу облысы білім басқармасының Кербұлақ ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Кербұлақ ауданы бойынша қосымша білім беру ұйымдардың тізімі:
1) "Жетісу облысы білім басқармасының Кербұлақ ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Өнер мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
2) "Жетісу облысы білім басқармасының Кербұлақ ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің " Қарашоқы ауылындағы «Балдаурен» орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі